Цифровая грамотность

Просмотреть адреса и места обучения

«Ақпараттандыру туралы» Заңға  сәйкес, цифрлық сауаттылық – адамның  күнделікті өмірде және кәсіби қызметте ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білуі, олар 4 базалық цифрлық дағдыларды қамтиды:

  1. Базалық цифрлық дағдылар;
  2. e-gov дағдылары;
  3. OpenGov дағдылары;
  4.  e-commerce дағдылары;

2 қосымшалы, кәсіби цифрлық дағдылар;

  1. Медиа дағдылар;
  2. Кәсіби цифрлық дағдылар.

Аталған оқыту бағдарламасында тұрғындарды базалық цифрлық дағдыларға оқыту қарастырылады.

Оқыту бағдарламасының мақсаты – әрі қарай оқу, жұмысқа орналасу немесе еңбек қызметін жалғастыру үшін ақпараттық – коммуникациялық технологиялар саласындағы өз білімін жетілдіру  қажеттілігін қамтамасыз ету.

Курстың мақсаты:

Халықты базалық ақпараттық-коммуникациялық құралдармен жұмыс жүргізудегі негізгі білімдер, біліктер және дағдылармен қамтамасыз ету

Курстың міндеті:

Курстың міндеттері:

- дербес компьютер, ноутбук, смартфон  және планшетпен жұмыс істеу, сонымен қатар интерфейс, бағдарламалар, файлдар мен  папкалармен жұмыс істеу дағдыларына оқыту;

  • қосымшалы құрылғылармен жұмыс істеу дағдыларына оқыту;
  • бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану дағдысына, сонымен қатар іздеу алгоритмі, мәтінді тез теру, Интернет желісіндегі баршаға қолжетімді ақпаратты қарап шығу және көшіру дағдыларына оқыту;
  • негізгі офистік бағдарламаларды (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, дерекқорлар, презентацияларды және т.б) пайдалану дағдыларына оқыту;
  • түрлі мессенджерлерді, әлеуметтік желілерді, электрондық поштаны және т.б.  пайдалану дағдыларына оқыту;
  • Интернет желісінде қауіпсіз жұмыс істеу компьютерлермен және бағдарламалық қамтамасыз ету жұмыс істеу кезінде құпиялығын, оның ішінде дербес деректерді қорғау  дағдыларына оқыту.

Тыңдаушыға қойылатын талаптар:

  • ақпараттық технологиялардың негізгі ұғымдары туралы жалпы түсінігі болуы тиіс;
  • дербес компьютер, ноутбук, смартфон және планшет туралы негізгі ұғымдары болуы тиіс;
  •  қауіпсіздік  техникасының негізгі талаптарын білуі тиіс.

Курсты зерделеу нәтижесінде тыңдаушы:

білу қажет:

-  дербес компьютерлер, ноутбуктар, замануи технологиялар және олардың қоғам өміріндегі орны туралы негізгі деректер;

- офистік бағдарламалармен (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, дерекқор, көрсетілімдермен және т.б) жұмыс жүргізу негіздері;

-  Интернет желісін пайдаланудың негізгі салалары;

- компьютерлік қауіпсіздік негіздері, вирусқа қарсы әдістер және т.б.  

меңгеру қажет:

- дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар және планшеттерді жұмыста өз бетінше қолдану және пайдалану;

- негізгі офистік бағдарламаларды (мәтіндік редакторлар, электрондық кестелер, дерекқорлар, презентациялармен және т.б) пайдалану;

- Интернет желісін күнделікті және кәсіби қызметте пайдалану.

- дербес компьютерлер, ноутбуктар, смартфондар және планшеттерді, сонымен қатар жеке деректерді  қорғау бойынша іс-шараларды  өз бетінше қабылдау;

Бағдарлама 8 аудиторлық сағатқа (480 минут) есептелген, оның ішінде: дәрістер - 6 сағат (360 минут), тәжірибелік жұмыстар - 2 сағат (120 минут).

Тыңдалған курсты бекіту ретінде тыңдаушылар және жаттықтырушының талаптары бойынша оқу жоспары мен бөлінген сағаттарға сәйкес, тәжірибелік жұмыстарды орындауын қарастыруы қажет.  Алынған білім деңгейіне қорытынды  бақылау ретінде  сертификациядан өтуі (талабы бойынша) мүмкін.

Оқыту курстың оқу материалдары нұсқаулық-ескертпелер түріндегі үлестірмелі материалдарды  (жаттықтырушының қалауы бойынша тыңдаушыларға арналған) қамтиды.

 

Тесттен өту