Цифровая грамотность

Просмотреть адреса и места обучения

«Электрондық үкімет» - мемлекеттік қызметтерді сапалы және мерзімді атқаруға бағытталған  ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым негізіндегі басқарудың мемлекеттік жүйесі.

«Электрондық үкімет» халыққа, сондай-ақ бизнеске де мемлекеттік органдармен көрсетілетін  әлеуметтік маңызды қызметтерді жеңілдету үшін құрылған.

«Электрондық үкімет» саласы бойынша білім алу, еліміздің әр азаматы кәсіби және күнделікті өмірде оларды пайдалануға мүмкіндік береді.

Курстың мақсаты:

Курстың мақсаты – кәсіби және күнделікті өмірде қолдану үшін халықтың барлық санатындағы тыңдаушыларға электрондық мемлекеттік қызмет алу дағдыларын оқыту.

Курстың міндеті:

Курстың міндеті:

  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» ұғымымен және қалыптасу кезеңдерімен таныстыру;
  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» веб-порталы навигацияларының қағидаларымен таныстыру;
  • тыңдаушыларды www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинетте жұмыс істеу дағдыларына, ЭЦҚ алу және қолдану дағдыларына оқыту;
  • тыңдаушыларды www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинетте тіркелу, авторлану және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;
  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» мобильдік қосымшаларына тіркеуге, авторлану және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;
  • тыңдаушыларды www.еlicense.kz порталында және жеке кабинетте тіркелуге, авторлануға және жұмыс істеу дағдыларына оқыту;
  • тыңдаушыларды www.еgov.kz порталындағы қолжетімді электрондық мемлекеттік қызметтердің түрімен таныстыру және оларды алу тәртібіне оқыту;
  • тыңдаушыларды «электрондық үкімет» порталындағы мемлекеттік органдарға электрондық өтінім беру тәсілдеріне оқыту;
  • тыңдаушыларды www.еlicense.kz порталындағы қолжетімді электрондық мемлекеттік қызметтердің түрімен таныстыру және оларды алу тәртібіне оқыту.

Тыңдаушыға қойылатын талаптар:

  • дербес компьютермен, интернет браузермен, папкалармен және файлдармен жұмыс істеу дағдысының болуы;
  • смартфондармен/планшеттермен жұмыс істеу дағдысының болуы;
  • ЭЦҚ жазып алу үшін Flash тасымалдағышының болуы;

ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба құралының көмегімен құрылған және оның тиесілігі мен мазмұнының өзгермейтіндігін, электрондық құжаттың шынайылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалар жиынтығы.

  • ұтқыр қосымшаны орнату үшін  смартфонның/планшеттің болуы (міндетті емес).

Курста зерделеу нәтижесінде тыңдаушының:

білуі міндетті:

  • «электрондық үкімет» ұғымын және қалыптастырылу кезеңдерін;
  • «электрондық үкімет» веб-порталы навигацияларының қағидалары түсінігін;
  •  www.pki.gov.kz порталы туралы ұғымды, ЭЦҚ алу және қолдану тәртібін;
  • www.еgov.kz порталы арқылы алуға болатын электрондық мемлекеттік қызметтің түрлерін, алу реті мен тәсілдерін;
  • «электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасы туралы түсінікті;
  • www.еlicense.kz порталы туралы түсінікті, бұл порталдағы қолжетімді электрондық мемлекеттік қызметтің түрлерін, алу реті мен тәсілдерін;
  • онлайн транзакциялар туралы ұғымды.

 Білуі міндетті:

  • www.pki.gov.kz порталында және жеке кабинетте жұмыс істей;
  • www.еgov.kz порталында және жеке кабинетте жұмыс істей;
  • «электрондық үкімет» ұтқыр қосымшасын орнату және оны пайдалана;
  • «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелуі және авторлануы;
  • www.еlicense.kz порталында жұмыс істей;
  • электрондық мемлекеттік қызметтерді алу үшін ЭЦҚ пайдалана;
  • біржолғы парольдардың көмегі арқылы электрондық мемлекеттік қызметтер ала;
  •  ақпараттық, интерактивтік және транзакциондық электрондық мемлекеттік қызметтерді ала;
  • онлайн транзакциялар жүргізе;
  • қызметтерді онлайн алу және төлем жүргізу тарихын қарай білуі;
  • мемлекеттік органдарға электрондық өтінімдер бере.

Бағдарлама 4,5 аудиторлық сағатқа (270 минут) есептелген, соның ішінде 1 сағат 30 минут (90 минут) – дәрістерге және 3 сағаты (180 минут) – тәжірибелік жұмыстарға арналған.

Оқыту курсы бойынша өткен материалдарды бекіту ретінде тәжірибе жұмыстарын орындау көзделген (осы оқу бағдарламасына қоса берілген қосымшаларда келтірілген).

Оқыту курсының оқу материалдары таныстыру материалдарын, осы оқу бағдарламасын (жаттықтырушылар үшін), (тыңдаушылар үшін) нұсқаулық-жадынамаларды қамтиды.

Компьютер сыныбы болмауына байланысты, оқытуды ұйымның аумағында жүргізу қажет болғанда, оқыту - тәжірибелік сабақтарды орындамай, таныстыру пішімінде жүргізіледі. Мұндай семинардың ұзақтығы – 1 академиялық сағат. Бұл ретте, залда Интернет желісіне қосылу болған кезде оқыту бағдарламасын түсіндіру «электрондық үкімет» порталын пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

 

Тесттен өту