Цифровая грамотность

Просмотреть адреса и места обучения

Бесінші институционалдық реформаның есеп беретін мемлекетті қалыптастыру бойынша бағытын іске асыруының шеңберінде, оның ішінде 96-қадамды орындау бойынша электрондық үкімет веб-порталының «Ашық үкімет» модулі жүзеге асырылды.

Бүгінгі таңда «Ашық үкімет» 5 құрауыштан тұрады: «Ашық деректер», «Ашық НҚА», «Ашық бюджеттер», «Ашық диалог» және «Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау».

Жоғарыда аталған компоненттерді дамыту демократиялық мемлекет деңгейін көтеруге, мемлекетті басқаруға азаматтарды кеңінен тарту жемқорлықпен күрес, бүкіләлемдік сенім, мемлекеттік органдардың тиімді жұмысы, азаматтар мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара сенім, сондай-ақ  инвестицияны тартуды арттыруға мүмкіндік береді.

Курс мақсаты:

Азаматтардың ашық үкімет компоненттері туралы білімі мен машықтарының деңгейн арттыру

Курс міндеттері:

Тыңдаушылаардың Ашық үкімет компоненттерінің мүмкіндіктерімен таныстыру және азаматтар мүдделілігін арттыру, сонымен қатар компоненттер функционалының қатысуы мен пайдалану деңгейін арттыру

Тыңдаушыларға қойылатын талаптар:

  • дербес компьютерле жұмыс жүргізе білу дағдысы;
  • Ұлттық куәландырушы орталығы жеке тұлғасының цифрлық электронды қолының болуы*;

Курсты тыңдау нәтижесінде тыңдаушы орындауы тиіс:

білуі тиіс:

  • Ашық үкімет компоненттерінің негізгі мақсаты мен міндеттері;
  • Копоненттердегі навигация қағидаттары;

Орындай алуы тиіс:

  • ашық деректер жинағын қарау, түсінік беру;
  • деректер жинағын жариялау және өзектендіруге өтінім беру;
  • ашық деректер компонентінің АРІ * қолдану;
  • НҚА жобаларын қарау, түсінік беру;
  • бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау, түсінік беру;
  •  бірінші басшы блогына жүгіну, конференциялар, сауалнамаларға қатысу;
  • ұялы байланыс сапасына шағым арыз беру;
  • жазылу және хабарламалар алу.

Бағдарлама 2 аудиториялық  сағатқа (120 минут), соның ішінде 1,52 сағат (90 минут) – дәрістер және 30 минут- практикалық жұмыстар (техникалық жабдықтары болған кезде) арналған. Сабақ барысында жаттықтырушы басты тақырыптарға көшу жолымен тікелей компоненттерінің функционла мүмкіндіктерін және толық жұмысын көрсететін семинар түрінде өткізіледі.

 

Тесттен өту