Цифровая грамотность

Просмотреть адреса и места обучения

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласы «болашақ экономикасының секторы» деп аталатын экономиканың ең қарқынды дамып келе жатқан салаларының бірі. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту Цифрлы Қазақстан Мемлекеттік бағдарламасының басымдықтарының бірі болып табылады, ол қазіргі Қазақстанның экономикасы үшін маңыздылығын көрсетеді.

Дамыған және дамушы елдерде электрондық коммерция қарқынды дамып келеді, оның оң әсері бизнес саласына ғана емес, елдегі халықтың өмір сүру сапасына да тұтастай алғанда әсер етеді.

Электрондық сауда - бұл телекоммуникация желілері арқылы жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстар және қызметтерді сатуға арналған кәсіпкерлік қызмет.

Атап айтқанда, электрондық сауданың арқасында, мысалы, халықаралық саудаға қатысу арқылы халық әлдеқайда арзан бағамен тауарлардың көп мөлшеріне қол жеткізе алады. Бизнеске әсер ету тұрғысынан алғанда, электрондық сауданың  өсіп келе жатқан танымалдылығы осы салада өз бизнесін ашуды қалайтын адамдар санының артуына әкеледі.

Курстың мақсаты:

Электрондық сауда бойынша азаматтардың білімі мен іскерлігі деңгейін арттыру 

Курстың міндеті:

  • тыңдаушыларды интернет саудасының мүмкіндіктерімен таныстыру. Азаматтардың қызығушылығын арттыру, сондай-ақ интернет сауданы пайдалану деңгейін арттыру;
  • құрылым сайты арқылы коммуналдық қызметтерге онлайн төлем мүмкіндігімен танысу.

Тыңдаушыға қойылатын талаптар:

  • - дербес компьютермен, интернет-браузерлермен, папкалар және файлдармен жұмыс істеу дағдысы;
  • - смартфондармен / планшеттермен жұмыс істеу дағдысы;
  • - ЭСҚ-ның болуы;
  • - ұялы қосымшаны орнату үшін смартфон / планшеттің болуы (міндетті емес).

Тыңдаушы курсты оқу нәтижесінде төмендегіні білуі тиіс:

  •  интернет сауданың негізгі мақсаттары мен артықшылықтары;
  •  интернет желісінде қауіпсіз сатып алу;
  •  интернет дүкен құру;
  •  интернет дүкенін ілгерілету;
  •  салық переференцияларын алуды білуі қажет.
  • интернет-дүкендерде сатып алу, сату, ілгерлету;
  • Интернет желісі арқылы қызметтерге төлем жүргізе (коммуналдық қызметке төлем төлеу) білуі тиіс.

Бағдарлама 2 аудиториялық сағатқа арналған. Курстың оқу материалына нақты оқу бағдарламасы, «Құрылым сайты» пайдаланушы нұсқаулығы кіреді.

Ұйым аумағында семинар өткізілген және компьютерлік сынып болмаған жағдайда семинар таныстырылым түрінде өткізіледі. Мұндай семинардың ұзақтығы - 1 академиялық сағат.

 

Тесттен өту